RU

Алматыда селдің не себепті тосқауылдан өтіп кеткені анықталды

Алматыдағы бөгеттің бас жобалаушысы Владимир Шикунов соңғы сел кезінде лай тасқынының тосқауылдан өтіп кетіп,  бөгеттің сол күйінде қалу себебін түсіндірді.

Бұл туралы «Караванға» сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Маман бөгетті 2003 жылы селден қорғау ұйымы емес, «Алматы строймонтаж» құрылысшылары тұрғызғанын жария етті.

Бөгеттің жартысы бетоннан салынса, сол жағы - жерден салынған. Жобалаушы бөгеттің темірбетоннан салынған бөлігі дұрыс қаланғанымен, жерден жасалған бөлігі аяғына дейін салынып бітпегенін айтуда.

Оның сөзіне сенсек, бөгетті салу жұмысының жобаға сәйкес еместігі мемлекеттік комиссия актісінде 2003 жылы тірекелген болатын. Ескертулер жасалынып, қателіктер түзетілуі тиіс еді.

Жобалаушы бөгеттің жерден салынған бөлігі жаңбыр жауған сайын шайылып жататынын ескертті.

«Бөгеттің әлсіз тұсы -  сол жақтағы жерден қаланған бөлігі», - дейді Владимир Шикунов.

23 шілдеде сел ағыны азғантай болғандықтан, бөгеттің сол жақ бөлігі жартылай ғана қираған. Селдің негізгі ағынын бөгет ұстап қалғанына қарамастан, біразы тосқауылдан не себепті өтіп кеткеніне жобалаушы өз болжамын ұсынды.

«Бөгетте екі тік өткізгіш тесіктер бар. Одан бөгетке келіп тірелген су фракциялары төменге қарай ағуы тиіс. Селден бөгет толып қалғанда, су осы тесіктер арқылы өткенімен, ағатын арнасы кішкентай болып шықты. Су жағаға шығып, жолдағы көпірден бастап, бәрін қиратуға кірісті. Яғни бөгеттен төмендеу жерде екінші сел туындады. Өзеннің арнасы тым кішкентай болғандықтан, тасқынға төтеп бере алмады. Салдары осындай қиратуларға әкелді», - дейді маман.

Еске салсақ, 23 шілдеге қараған түні Алматының Наурызбай ауданында сел жүріп өткен болатын. Селдің ағыны Жандосов және Яссауи көшелеріне дейін жеткен. Қарғалы өзені арнасынан шамамен 1 метрге асқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/864070-almatylyq-bogettinh-zhobalaushysy-seld.html