RU

Көкшетауда қатты дауыл 2 қабатты тұрғын үйдің шатырын жұлып әкетті

Көкшетауда кеше кешкісін тұрған қатты дауыл 2 қабатты тұрғын үйдің шатырын жұлып әкетті.

Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазгидрометтің мәліметі бойынша 23-і тамыз күні Ақмола облысының кейбір жерлерінде секундтына 33 метрге дейін күшті жел тұрып,  арты жаңбырға ұласты. Көкшетау қаласындағы Уәлиханов көшесінің бойындағы 2 пәтерлі тұрғын үйдің аумағы 200 шаршы метр шатырын жел ұшырды.

Оқиға орнына көмекке ТЖД жеке құрамынан 3 қызметкер және 1 арнайы техника тартылды. Қазіргі кезде қаладағы өзге ғимараттар да тексеріліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/864098-kokshetauda-qatty-dauyl-2-qabatty-turghy.html