RU

ШҚО-да қатты жел Ресей азаматын ұшырып кеткен

Шығыс Қазақстан облысында қатты жел ресейлік азаматты су қоймасының жағалауынан ұшырып кетті.

Бұл туралы өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Сенбі күні Кемерево қаласының 31 жастағы тұрғыны құтқарушылардан көмек сұраған. Ресейлік азамат тақтада парашютпен су үстінде сырғанаған екен.

Қатты жел тұрған кезде Бұқтырма су қоймасының жағасынан оны ұшырып әкеткен.

Біраз уақыт өткен соң құтқарушылар жағалаудан 5 шақырымда оларды күтіп тұрған ер адамды тауып алды. Ресейлік дереу жағалауға жеткізілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/864216-shqo-da-qatty-zhel-resey-azamatyn-ushyryp.html