RU

Қырғыз валютасы теңгенің құлдырау әсерінен төмендеп барады

Теңге еркін ауытқу бағамына өткеннен кейін Қырғызстанда доллар бағамы қымбаттап кетті.

Америкалық валюта бағамы сәрсенбімен салыстырғанда шамамен 4-4,5%-ға артты, деп хабарлады РИА Новости.

Бейсенбіде премьер-министр Кәрім Мәсімов Қазақстан валюталық  дәлізді алып тастауға және айырбас бағамын еркіндікке жіберуге көшуге негізделген жаңа ақша-несие саясатын жүзеге асыруға кіріскенін мәлімдеген болатын.

Қазақстандық  валюта биржасында (KASE) таңертеңгі негізгі сауда сессиясында теңгенің орташа бағамы сәрсенбідегі 188,38 теңгеден 1 долларға 255,26 теңгеге дейін жетті.

Қазақстан Қырғызстанның ірі экономикалық серіктесі болып табылады. 12 тамызда Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы аясында республика Қазақстанмен шекараны ашты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/864255-qyrghyz-valyutasy-tenhgeninh-quldyrau.html