RU

Қазақстандық әйел ресейлік ток-шоуда өз анасын масқара етпек

Анасын "жігітіме таласты" деп айыптаған қазақстандықтың оқиғасы қазан айында ресейлік НТВ арнасында басталатын әнші Лолита Милявскаяның атышулы ток-шоуын ашпақ.

Бұл туралы Today.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Меруерт есімді Орал қаласының тұрғыны өз отбасылық мәселелерін телекөрермендерге жария ету үшін Мәскеуге арнайы ұшып келмек.

"Біздің отбасымызда екі адам бар. Мен және менің әпкем Жанна. Әкем қайтыс болған. Анамыз бізді жалғыз тәрбиеледі. Менде сүйіктім пайда болған кезде, анам таңдауымды бірден құптай жөнелді. Саша менен 10 жасқа үлкен. Қалталы кәсіпкер. Жазда біздің шетелдегі отбасылық демалысымызды өзі төлеп берді. Барлығы сол кезден басталды. Анам өзгеріп сала берді: ол ашық-шашық киініп, қатты боянатын болды. Сашаға қырындай бастады. Басында мен бұл жайтқа өзімнің қиялым деп мән бермейтінмін. Алайда жігітім де анамның оған қырындайтынын байқаған. Соның кесірінен арамызда ұрыс-керіс басталып, мен үйден кетіп қалдым", - дейді Меруерт.

Меруерттің айтуынша, анасы дуалаумен (черная магия - ред.) шұғылданады. Ол анасының жігітімен араларына от салу үшін қарғыстарын жаудырып жатқанына сенімді.

"Мен қазір өзімді жайсыз сезініп жүрмін. Анам есінен адасып, туған қызын құртудың әрекеттерін жасауда. Мені тек анаммен бірге тұратын әжем ғана тоқтатып отыр. Мен оны қатты жақсы көремін. Сол болмағанда, баяғыда мен де әрекетке көшер едім. Теледидарға оның әрекеттерін әшкере ету үшін бармақшымын. Бәлкім сонда өз ісіне ұялар? Орал - кішкентай қала. Ол таныстарының алдында ұятқа қаларына сенімдімін", - дейді Меруерт.

"Лолитаның" алғашқы түсірілімі 7 қыркүйекте басталады. Түсірілім Мәскеуде "Лолита. Без комплексов" атты танымал шоуына ұқсас етіліп өткізіледі. Елдің жеке өміріне қатысты ашық әңгімелесетін Лолитаның бағдарламасы 2007 жылы ТЭФИ жүлдесіне ие болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/864796-qazaqstandyq-ayel-lolita-milyavskayan.html