RU

Кірекей қонжықтарымен бірге «демалыс кешін» ұйымдастырды (видео)

АҚШ-тың  Нью-Джерси штатында Роквей қалашығындағы үйлердің бірінің артқы ауласындағы балалар алаңында кірекей (ұрғашы аю) өз қонжықтарымен бірге «демалыс кешін» ұйымдастырды.

https://youtu.be/dB3XzIrvFHE

18 тамызда бес қонжығын еріткен кірекей аулаға келді, дейді үй иесі. Аю бассейнге секіріп, суды рахаттана шолпылдатып шомыла бастаса, қонжықтары жанында томпаңдап жүгіріп жүрді. Бір-бірлерімен ойнап, балалар әткеншегін түртпектеп, сырғанақ тебуге де әрекеттенді.

Қонжықтар біресе бассейнге анасының жанына барса, біресе одан қашып кетеді.

Үй иесі бұл оқиғаны қызықтап қана қоймай, аюдың отбасымен демалысын бейне камераға түсіріп алды.

Әбден ойнап әрі біраз демалған аюлар біраз уақыттан кейін қоршаудан асып түсіп, орман жаққа қарай беттеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/864840-kirekey-qonzhyqtarymen-birge-demaly.html