RU

Елімізде соңғы уақытта үшемдер дүниеге жиі келуде

Қазақстанда көпұрықтық жүктіліктің көбеюі нәтижесінде үшемдердің дүниеге келуі жиілген деп хабарлайды Ұлттық Экономика Министрлігі Статистика комитетінің баспасөз кызметіне сілтеме жасап Today.kz.

Хабарламада, 2009 жылдан бастап 2014 жылға дейін екі егіздер саны 2425 - тен 3111 жағдай, ал үшемдер саны 35 - тен 50 - ге жуық жағдай кездескен. Төртем жағдайлары 2010, 2011, 2014 жылдарда бір реттен кездесіп отырған.

2009 жылдан 2015 жылдың қаңтар - шілде айларына дейін 17534 екі егіз дүниеге келген, 275 - үшем, үш - төртем. 2014 жылы 2612 екі егіз, 50 - үшем, бір - төртем дүниеге келген. 2015 жылдың қаңтардан шілде айына дейін 1090 екі егіз, 21 - үшем дүниеге келген.

Айта кетейік, соңғы төртем Алматы қаласында дүниеге келді.

Ал әр жынысты егіздердің дүниеге келуі 2009 - 2014 жылдар арасында 25 - 30 жағдай кездескен.

Егіз балалардың дүниеге келуі бойынша көш бастаушы облыстар: Оңтүстік Қазақстан (363 жағдай), Алматы (335) және Алматы қаласы (289); үшемдер бойынша – Атырау (жеті), Алматы облысы және қала (алты), Астана (бес); төртем бойынша – Оңтүстік Қазақстан (бір).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/865072-qazaqstanda-ushemder-duniege-zhii-kelu.html