RU

Еліміздің 4 облысындағы мектептерде кітап жетіспейді

Еліміз бойынша биыл 4 облыста кітап жетіспей, көп мектеп 1 қыркүйекке дайын болмай шықты. Білім министрлігі бұған әдеттегідей облыстық әкімдіктегілерді кінәлап отыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Өйткені олар оқулыққа тапсырыс пен тиісті қаржыны кешіктіріп берген екен. Сондықтан Ақтөбе, Жамбыл, Солтүстік және Оңтүстік Қазақстан облыстарына кітап әлі жеткізілмей жатыр.

Ал негізінен еліміздің әрбір мектебі тамыздың 10-ына дейін оқулықпен қамтамасыз етілуі керек болған. Сондықтан кітапты уақытында жеткізе алмаған облыс шенділеріне құзырлы министрлік тамыздың 27-сіне дейін уақыт беріп отыр. Әрі оларды тиісті жазаға тарту мәселесі қаралып жатыр.

"Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі тіпті оқулық сатып алуға бір жарым миллард теңге жеткізбей берген. Осы туралы үкіметке хабарладық. Олар тиісті жаза қолдануы тиіс. Ал кітапқа  тапсырысты дұрыс берген білім басқармасындағыларды облыс әкімдерінің өздері жазалайтын болады", - дейді БҒМ Бақылау комитеті төрағасының орынбасары Әлтайыр Ахметов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/865276-elimizdinh-4-oblysyndaghy-mektepterde-k.html