RU

Қазақ хандығының 550 жылдығының құрметіне оралдықтар автошеру ұйымдастырмақ

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай батыс қазақстандық бір топ еріктілер автошерумен хан ордасына аттанды деп хабарлайды Астана арнасы.

Олар Жайық пен Еділдің арасында Қазақ елінің көк туын желбіретіп, байтақ даланы дүбірлетіп жүріп өтпек. Тарихшылар мен ғалымдар, әнші-жыршылар, журналистер мен блогерлерден құралған топ тарихи орындарға ат басын тірейді.

Кезінде Бөкей мен Жәңгірді ақ киізге салып хан көтерген Хан тоғайына, ортағасырлық Жайық қаласының орнына аялдап, жергілікті халықпен кездесулер өткізеді.

Айта кетелік, осы дүбірлі той аясында республикалық ақындар айтысы, ғылыми конференция, театрландырылған көрініс, ұлттық ойындар мен жәрмеңкелер ұйымдастырылады деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/865317-qazaq-khandyghynynh-550-zhyldyghynynh-qurmeti.html