RU

АҚШ-та Джастин Бибердің «сыңарына» іздеу жарияланды

Жас жұлдызға ұқсау үшін 100 мың доллар ақшасын жұмсап, түрін өзгерткен жас жігіт ұшты-күйлі жоғалып кетті. Қазіргі уақытта Тобиас Штребелді Лос-Анджелес округінің полициясы іздестіруде, деп хабарлайды informing.ru-ге сілтеме жасап 24.kz.

Жұрт соңғы рет оны 18 тамызда көрген. The Daily Mail хабарлауынша, Джастина Бибердің «сыңары» Toyota Camry көлігімен жолға шыққан болуы мүмкін.

Ал жоғалған жігіттің достары оның бұрын-соңды мұнша уақытқа хабарсыз кетпегендігін айтып, мазасыздануда.

Тобиас Штребель канадалық әншіге еліктеп, кескінін өзгерткені үшін көптеген телебағдарламаның түсіріліміне қатысып, танымал болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/865396-aqsh-ta-dzhastin-biberdinh-synharyna-iz.html