RU

Биылдан бастап 3-нші сынып оқушылары "Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды" оқиды

Алдағы оқу жылында қазақстандық оқушылар жаңа пәндер өтетін болады, деп хабарлады Қазақстанның білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.

"Жаңа пәндер енгiзiледi. Үшiншi сыныптардан бастап "Жаратылыстану",  "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" пәндерi енгiзiледi және "Әлемтану" пәнi жаңа мазмұнмен толығады. "Жаратылыстану" пәнi жоғары сыныптарда өтетiн "биология", "физика" сияқты пәндердiң кiрiспе курсы ретiнде оқытылады", - дедi Сәрінжіпов Астанада өтiп жатқан  білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз педагогикалық кеңесінде.

Оның айтуынша, "Әлем тану"  пәнi — қоғамдық-гуманитарлық пәндер үшiн ортақ база болмақ. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пәнi  компьютер мен жаңа технологияларды игерудiң бағыты ретiнде оқытылады.

Үшiншi сынып оқушылары қарапайым дағдыларға қалыптасып, кесте, диаграмма құруды үйренедi.

Сонымен қатар, Аслан Сәрiнжiпов "Жаһандық перспектива және жобалау қызметi" деген пән енгiзiлетiнiн жеткiздi.

"Жалпы орта мектептерде 5-6 сынып кезiнде оқытылатын жаратылыстану ғылымына кiрiспе ретiнде бастауыш сыныптардың пәндерi енгiзiледi. Осылайша, 5-сыныпта оқытылатын жаратылыстану пәндерi мен 7-8 сыныпта кiретiн биология, химия пәндерiнiң арасындағы айырмашылықты азайтамыз. Яғни, мектептердегi жаратылыстану-ғылыми бағыт үздiксiз оқытылмақ. Кез келген елдiң тарихы  бүкiл әлемнiң дамуымен байланысты болады, сондықтан, "Қазақстан тарихы" пәнi бұрынғыдай алтыншы сыныптан емес, бесiншi сыныптан бастап, яғни, әлем тарихы пәнiмен қатар оқытылатын болады", - деді ол.

Сонымен бірге Сәрiнжiпов жоғары сыныптарда мiндеттi пәндердiң санын азайталып, тереңдетiлiп оқытылатын үш мiндеттi пән және стандартты төрт мiндеттi пәндi оқытылатын жеткізді.

"Жаратылыстану-гуманитарлық және жаратылыстану - математика бағытындағы мектептерде осы мiндеттi пәндер жеке-жеке тәсiлмен оқытылады. Оқушы таңдайтын пәндер де тереңдетiлген және стандартты бағыттарға бөлiнбек", - деп түйді Сәрінжіпов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/866063-biyldan-bastap-3-nshi-synyp-oqushylary-aq.html