Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда желік қуып, тау-тастың арасында адасып кеткен 8 турист табылды

Опубликовано:

Желік қуып, тау-тастың арасында адасқан жастар табылды. Естеріңізге сала кетейік, тамыздың 22-сі күні тауға демалысқа шыққан 8 адам із-түссіз жоғалып, ата-аналары іздеу жариялаған еді.

Қуанышқа орай, құтқару қызметі жедел қозғалып, қырқаны асқан жастар ел ортасына оралды. 2 күн нәр татпай, орман ішінде түнеген жастардың біреуі жарақат алған. Қалғаны дін аман.

Тамыздың 22-сі күні тау бөктеріне барып тынығамыз деген 8 жігіттің өмірі әп-сәтте өзгерген. Олар көпшілік тынығатын «Бутаковка» арқылы ну орман ішіне кіріп, қайтар жолдан адасады. Себебі дәл сол күні жауған жаңбыр жігіттерді тығырыққа тіреген.

Езуден күлкі кетіп, жүректі үрей басады. Тіптен, жол бойында біреуі құлап, жарақаттанады. Қалғандары екіге бөлініп, көмек шақыруға бет алады.

«Екі күн бойы тамақ ішпедік. Судың өзін әрең таптық. Жаңбырдың астында ұйықтадық. Өзіміздің кішігірім шатырымыздан өзге жылынар жер таппадық.Тау етегінде ұйықтағандықтан, түнде қорқынышымыз үдей түсті. Бізді тапқанына қуаныштымын»,- деді жәбірленуші Дархан Мұхамедин.

Көмекке келген құтқару қызметі жедел әрекет етіп, сол аймақты үздіксіз тіміскілеп шығады. Оған бір ұшақ, 10 техника мен 28 қызметкер жұмылдырылған. Нәтижесінде, екінші күні азаматтар табылады. Алғашқы жәрдем көрсетіліп, денсаулықтары тексеріледі.

«Түнгі бірлерде бізге хабар түсті. Жалпы жиын бойынша таңғы 6-да біз жұмыста болуымыз керек. Сөйтіп, біз сағат 17.30-да келдік. 8 адам төтенше жағдайдан құтқарылды»,- деді Алматы қаласы ТЖД қызметінің медик-құтқарушысы Ринат Қайыңбаев.

Осыған орай, мамандар қала қонақтары мен тұрғындарды серуендеуге шыққанда қауіпсіздік шарасын сақтап, абай болуды ескертеді. Төтенше жағдай қызметкерлерін алдын ала ескерткен абзал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/866152-almatyda-zhelik-quyp-tau-tastynh-arasyn/

pixel