RU

Елдос Жұмаханов әлем чемпионатын 5-ші орынмен аяқтады

Дзюдодан Қазақстан құрамасының мүшесі Елдос Жұмаханов Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында 5-ші орын алды.

Жұмаханов жартылай финалда ресейлік Михаил Пуляевтен таза ұтылса, қола медаль үшін кездесуде 2 дүркін әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының екі дүркін қола жүлдегері, өзбекстандық Ришод Собировтан жеңіліп қалды.

Қола медаль үшін күресте Жұмахановтың қарсыласы "ваззари" әдісін жасап, ұпай алып кетті.

Еске сала кетейік, кеше Қазақстан балуандары, 60 келіде сынға түсетін Елдос Сметов пен Рустам Ыбыраев алтын және күміс жүлдегер атанған болатын.

Ертең 73 келі салмақтағы балуандар бақ сынайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/866671-eldos-zhumakhanov-alem-chempionatyn-5-shi-o.html