RU

Грузияның екі қаласы толықтай су астында қалды (видео)

Грузияда сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні тоқтаусыз жауған жаңбырдан теңіз жағасында орналасқан Батуми және Поти қалаларын толығымен су басты деп хабарлайды Bnews.kz.

https://youtu.be/AyNkvPW_mi0

Судың деңгейі тұрғын үйлердің екінші қабатына дейін көтеріліп, жергілікті тұрғындарды әбігерге салды.

Батуми өрт-құтқару қызметіне 90 рет қоңырау соғылып, тұрғын үйлердің бірінші қабаты мен автомобиль жолдарын су шайғаны жайлы хабарланған.

Жергілікті құтқару бригадалары толығымен іске кірісіп, оларға көмекке Тбилиси мен Кутаиси қалаларының құтқарушылары жіберілді.

Дәл осындай шиеленісті ахуал Поти қаласында да болып отыр. Қаланың орталық көшелері мен ғимараттардың бірінші қабатын су шайып, тұрғындар жарықсыз қалды. Қазір бұл екі қалада жаңбыр әлі де толастар емес.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/867150-gruziyanynh-eki-qalasy-tolyqtay-su-asty.html