RU

«Қар адамы» туралы видео интернетті дүр сілкіндірді (видео)

Жақында Америкада ұсынылған «қар адамы» туралы видео әлеуметтік желіні пайдаланушылар арасында үлкен пікірталас туғызды.

Бұл туралы Yahoo News хабарлады.

Құрлықта «бигфут» деген ат алған мифтік тіршілік иесі Калифорния штатындағы Блафф-Крик деген жерде түсірілген екен. Ролик авторы Дэвис оны 2008 жылы түсіргенін айтады. Бірақ желіде осыдан бірнеше күн бұрын ғана жіберілген.

Оператордың ойынша, ол бұталар арасында отырған йетиді, яғни «қар адамын» түсіріп үлгерген.

«Күн қараңғы еді. Мен сонда да өзімнен бірнеше метр жерде өзгеше тіршілік иесін көріп тұрғаныма күдіктене алмадым. Мен табиғат көріністерін түсіріп жүр едім. Сосын түсірілген материалды қарасам, онда жылжып бара жатқан үлкен ақ тұлғаны көрдім», - дейді ол.

Дэвис сондай-ақ түсірілім жасалған жерге жақын маңда денесі бөлшектеніп тасталған бұғыны көргенін де айтады. Дегенмен, бұл роликтен пайдаланушылардың барлығы бірдей «қар адамын» көре алмаған.

Көп кісі мұны әлдеқандай бір түсірілімнің монтажы деп те есептейді. Тағы біреулер кадрға адам тектес маймыл түсіп кеткен деген ойда. Осының бәрі қазір талас туғызып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/867280-qar-adamy-turaly-video-internetti-d.html