RU

Бала күнінен өнер көрсеткен жұлдыздар

Балалық шағын болашағына арнап, кішкентайынан өнер көрсетіп келе жатқан отандық жұлдыздардың тізімін ztb.kz-ке сілтеме жасап alashainasy.kz  сайты жария етті.

Мейрамбек Бесбаев

1992 жылы Мейрамбек Бесбаев «Қоштасқым келмейді» фильміне түскен. Фильмдегі жас Мейрамбектің орындауындағы «Алғашқы махаббат» әні талай көрерменнің жүрегінен орын алған.

Қазір Мейрамбек Бесбаев еліміздің сүйікті әншілерінің бірі.

Мадина Сәдуақасова

Мадина Сәдуақасова үлкен сахнаға  1992 жылы «Әнші балапан» байқауы арқылы келген.

«Әнші балапаннан»  кейін Мадина басқа да көптеген ән байқауларда бақ сынайды. Әсіресе,  оның  «Музыкальный вояж» байқауында көрсеткен өнері көрерменнің есінде ерекше сақталып қалған.

1999 жылы әнші «Жас Қанат» байқауында бас жүлдені иеленген. Осы жерде ол ең алғашқы рет Роза Қуанышқызымен кездесіп, дуэтте ән салуға мүмкіндік алған. Сол жылы Мадина «Азия Дауысы» ән байқауында да керемет өнер көрсеткен.

Ділназ Ахмадиева

Ділназ ең алғаш 4 жасында «Волшебное яблоко» атты фантастикалық фильмге түскен. Кейіннен ол сол кезде танымал болған  «Аист на крыше» әнін Алматы қаласындағы  Ұйғыр театрының сахнасында орындаған.

10 жасында қазақстандық телеарна оны 30 минуттық бағдарламаға түсірген. 1993 жылы Ділназ алғашқы рет Алматы қаласындағы Республика сарайында ән салған.

Жанар Дұғалова

Turkvizyon-2014 Жанардың ең алғашқы байқауы емес. Оның есімі халыққа танылғанына көп уақыт болған жоқ, дегенмен әнші сахнада бала күнінен өнер көрсеткен. Ол «Әнші балапан» және «Жас Қанат» байқауларына қатысып, жеңімпаз атанған.

Әлішер Кәрімов

Әлішер 5 жасында «Әнші балапан» байқауына қатысып, «Ялла» тобының «Чайхана» әнін орындаған. Нәтижесінде «Көрермен көзайымы» номинациясы бойынша марапатталған.

Динара Қырықбаева

Динара  «Әнші балапан» байқауына қатысқанда 5 жаста болған.

Көрермендердің есінде оның «Айгөлек» байқауындағы көрсеткен өнері ерекше сақталып қалған. Осыдан кейін әнші толықтай шығармашылыққа бет бұрған.

Фарида Жолдасова

Әнші, Ұлықпан Жолдасовтың қызы Фарида әншілікке бала кезінен келген. Ол да көптеген әншілер секілді «Әнші балапан» байқауына қатысқан.

Қазір Фарида жеке шығармашылығын жетілдіріп келеді. Оның алғашқы әнін әкесі жазып берген. Ең танымал әндерінің бірі — «Неге солай».

Алмас Кішкенбаев

Алмас та ән айтуды бала күнінен бастаған. 1996 жылы ол халықаралық «Айналайын» фестивалінің қатысушысы болған. Сондай-ақ, сол жылы Парижде өткен «Молодые, талантливые дети» және Қырғызстандағы «Меир» байқауында бақ сынаған.

Әли Оқапов

Әнші Күләш Байсеитова атындағы музыкалық мектептің фортепиано сыныбын аяқтаған. Оқып жүрген кезде ол «Дельфийские игры», «Алматым жүрегiмде», «Актобе jazz» сынды бірнеше байқауға қатысқан.

Бүгінде еліміздің сүйікті әншілерінің бірі.

Карина Абдуллина

Карина әншілікке ерте келген. Ол тек  «Әнші балапан» ғана емес, ресейлік «Утренняя Звезда» байқауына да қатысып,  жеңімпаз атанған.

Ерболат Құдайберген

Сену қиын, дегенмен Ерболат та «Әнші балапан» байқауы арқылы үлкен сахнаға қадам басқан екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/867992-bala-kuninen-oner-korsetken-zhuldyzda.html