RU

Қытайда жол үстіне шашылып қалған балапандарға халық жапа-тармағай бас салды (фото)

Қытайда жол апаты кезінде жүк көлігінен шашылып қалған балапандарды жергілікті халық жапа-тармағай қолды ете бастаған. Оларды тоқтатуға тіпті полицияның да шамасы жетпепті, деп хабарлайды BNews.kz.

Қытайдың шығысындағы Шаньдун провинциясында балапандар тиелген жүк көлігі аударылып, соның салдарынан балапандар шашылып қалған. Ал жергілікті халық осы жағдайды пайдаланып, өздерінің үй құстарының санын көбейтуге асыққан.

Newsru таратқан ақпаратқа сәйкес, балапандар дөңгелек астына түспес үшін полиция қызметкерлері жолды жапқан. Бұл бірнеше шақырымға созылған жол кептелісіне алып келген.

Жол апаты салдарынан балапандардың біршамасы өлген. Алайда тірі қалған басқа балапандарды жергілікті халық алып кетуге асыққан. Олар өздерімен бірге шелек, қорап алып келіп, балапандарды «тере» бастаған. Бұған тіпті полицияның өзі кедергі жасай алмапты.

Жүктің жалпы құны шамамен 50 мың юаньге бағаланып отыр. Әзірше нақты қанша балапан ұрланғаны туралы мәлімет жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/868085-qytayda-kolik-apaty-kezinde-balapand.html