RU

Оң босағада отырып қалған отыздағы бойжеткендер сүт безінің қатерлі ісігіне шалдығып жатыр

Алматыда сүт безінің қатерлі ісігіне шалдыққан нәзік жандылар көбейіп кеткен деп хабарлайды КТК арнасы.

Дәрігерлер бұл жағдайға қыз-келіншектердің жалғыздығы себеп дейді. Өйткені тіркелгендердің көбісі оң босағада отырып қалған отыздағы бойжеткендер екен.

Бала таппаған соң, іштей күйзеліске ұшырап, салдарынан уайым-қайғысы кеудесіне берілген. Түйірдей ғана ісікті бірден анықтау қиынға соғатын көрінеді.

Сол себепті, әйелдер көбіне ауру асқынғанда ғана дәрігер іздеп кетеді екен.

Қазақстанда сүт безі мәселесімен әрбір екінші әйел жолығады екен. Шығыс елдерінің әйелдері дәрігердің алдында шешінуге ұялады, егер ол  еркек адам болса оған тіпті барудан бас тартады. Осыдан кейін мастопатияның асқынған түрі, ал аяғы қатерлі ісікке алып келеді дейді дәрігерлер.

Мамандар мастопатия атты сырқаттың барынша жасарып келетіндігін айтуда. Егер бұған дейін сырқатты көбіне әйелдерден анықтап келген болса, бүгінде ауру белгілері жеткіншектер арасынан да табылып жатыр.

Осындай олқылықтардың алдын алу үшін маммолог мамандар әлі тұрмыс құрмаған қыз-келіншектерге төсті қалай өз бетінше тексеру керектігін үйретті.

Егерде қандай да бір түйір қолға сезілетін болса, бірден дәрігерге көрінуге кеңес берді.

"Оңтүстікте, Таразда, Шымкентте ондай аз кездеседі, не себептен? Олар жас тұрмыс құрады. 18-ден бастап 21-ге жетпей әйелдер, қыз-келіншектер кетеді. Солтүстікті, Алматыны алсақ, айлық, пәтер, көлік деп жүріп 30-ға келгенде жалғыз қалып қоятындар баршылық. Олар ертең бала көтере алмай, ақыры сүт безіне алып келуі мүмкін ", - дейді онколог-маммолог дәрігер Мұратжан Сақтағанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/868655-qazaqstandyq-darigerler-sut-bezine-o.html