RU

Блогер қай смартфон суға төзімді екенін сынап көрді (видео)

Youtube әлеуметтік желісінде EverythingApplePro арнасының блогері Apple мен Samsung компанияларының соңғы шыққан смартфондарының қайсысы «суға салса, батпайтынын» тексеріп, сынап көрді, деп жазады Массагет порталы.

https://youtu.be/TBx5zE_Y60E

Блогер iPhone 6 Plus пен Samsung Galaxy 6 Edge Plus пен Galaxy Note 5 смартфондарын көрермендер алдында суға салып жібереді.

Екі минут өткеннен кейін Samsung өнімдері өзімен-өзі қосылып, жұмыс істей бастайды. 15 минут өтіп, Galaxy Note 5 аппаратының Wi-Fi модулі істен шығады. Сонымен қатар, Galaxy 6 Edge Plus смартфонының сенсорлы пернелері істемей қалады. Ал iPhone смартфонының дыбыстау функциясы істен шығады.

Сынақ соңында оңтүстіккореялық өнімдер қайта қосылмай қалады. Ал iPhone дыбыссыз болса да, барлық функциясының істеп тұрғанын көрсетті. Видеоблогер бұл сынақта Apple өнімі жеңіске жеткенін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/868702-bloger-qymbat-smartfondardy-sugha-sal.html