RU

Есентаева Кәмшат және Жанармен жұмыс істеуді тоқтату себебін түсіндірді

Продюсер Баян Есентаева тыңдармандардың жағасын ұстататын шешім қабылдады. Продюсер жаңалықтарымен бірінші болып Гәкку арнасымен бөлісті.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Есентаева Кәмшатпен шығармашылық байланысты тоқтатты. Оған мынадай түсініктеме берді.

"Кәмшат маған келгенде 21-ден асқан қыз еді. 5-6 жыл бірге жұмыс істедік. Ешбір универдің, магистратураның бермейтін білімін алды. Етек-жеңін жинады. Бүгінде тәжірибелі маман болды. Енді жеке жұмыс істей берсін", - дейді Баян Есентаева.

Орталықтан Жанар Дұғалова да кетеді. Біраз белесті бірге бағындырған әнші мен продюсердің бұндай шешімге келгендеріне не себеп деген сауалға ол:

"Жасы бірталайға келген ақылды қыздар ғой. Оларға жетекшінің қазір керегі жоқ, - деп ойлаймын. Болашақта Жанарды да өнер айдынында еркін жүзуге жіберемін. Бірақ әзір келісімшартта көрсетілген кейбір міндеттері бар. Соны орындағасын", - дейді Есентаева.

Продюсер Жанарды суретшіге теңеді. Суретшінің қиялына шектеу қоя алмайсың. Енді өз еркімен еңбектенсін деп отыр. Атап өтсек, Баянның жаңа жобалары дайын.

Ол жігіттерден құрылған жаңа топ пен дауыс диапазоны кең тағы бір бикешті елге таныстыруға асық екенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/868752-esentaeva-dughalovamen-zhumys-isteudi.html