RU

Жеті төбенің басында орналасқан Мәңгілік қала (жалғасы)

Өткен аптада біз әлемдегі ең сұлу шаһарлардың бірі Италия астанасы Римге жасаған саяхатымыз туралы фоторепортаж жариялаған едік. Бүгін фотосаяхатымыздың жалғасын назарларыңызға ұсынамыз.

Римге саяхаттаған кез-келген турист әйгілі Испан баспалдағы, Бернинидің "Баркачча" су бұрқағын (1628 ж.) айналып өтпесі анық. Соның салдарынан Испан алаңында ешқашан адам толастамайды. Құж-құж қайнаған халық. 138 сатыдан тұратын Испан баспалдағы Пинчоның басында орналасқан Тринита-деи-Монти көне шіркеуіне апарады. Дәл осы баспалдақ итальяндық киношеберлердің қолынан шыққан көптеген туындылардың бас кейіпкері деп айтсақ қателеспеспіз.

Италиядағы субұрқақтардың көбінде ағып тұрған су, ең қызығы, мөлдір әрі ішуге жарамды. Тіпті, дәмі тіл үйіреді. Себебі су көне акведуктардан жеткізіліп тұрады. "Баркачча" субұрқағына мөлдір су көне акведук Аква Виргодан әкелінеді.

Жалпы қалаларды субұрқақтардың саны мен сұлулығы бойынша бағаласақ, Рим, сөзсіз, көшбасшы атанатын еді. Көптігі соншалық, бір субұрқақтан екіншісіне апаратын саяхаттық жолдар да қалыптасып үлгерген.

Ұлы сәулетшілердің қолынан шыққан субұрқақтар  - мемлекеттің ерекше қорғауындағы нысандар.

Император Адрианның бұйрығы бойынша біздің заманымыздың 126 жылы салынған "Барлық Құдайлар ғибадатханасы" - Пантеон.

Ғибадатхананың кіре берісінде - жануарлармен, фотоаппаратпен, тамақпен, ашық-шашық киіммен келуге болмайды деген тыйымның тізімі ілінген.

Бірақ бұл тыйым ешкімді де тоқтатар емес...

Фоторепортаждың жалғасын мына сілтеме бойынша оқи аласыздар

Продолжение фоторепортажа

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/869220-zheti-tobeninh-basynda-ornalasqan-manhg-3.html