RU

Дауылбаев Қазақстанға еніп жатқан синтетикалық есірткінің қауіптілігі туралы айтты

Қазақстан үшін есірткінің жаңа түрлерінің пайда болуы айрықша өзекті проблемаға айналып отыр.

Бұл туралы бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан ШЫҰ-ына мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 13-ші отырысында Бас прокурор Асхат Дауылбаев айтты.

«Қазақстан үшін есірткінің жаңа түрлерінің пайда болуы айрықша өзекті проблема тудырып отыр. Бұл «спайс» сынды шылым қоспасы бар жаңа синтетикалық есірткілердің әртүрлілігінің үлгілері бойынша сарапшылардың жеткіліксіздігіне байланысты. Аталған зат зерттелетін есірткі түрін анықтауды барынша қиындата түседі», - деді Дауылбаев.

Сондықтан Бас прокурор ТМД елдері есірткі тасымалы мен таралауына бірлесе қарсы тұрғанда ғана нақты тиімділік болатындығын баса атап өтті.

«Мәселен, БҰҰ Есірткінің заңсыз айналымымен және қылмыспен күрес жөніндегі басқармасы Таиландта көрші елдермен бірлесіп, есірткінің жаңа түрлері туралы ақпараттандыру жүйесін енгізді. Ал олардың үлгісі аталған елдердің зертханасына жіберіледі. Мұндай әдіс есірткінің жаңа түрлерін зерттеу уақыты мен шығындарын айтарлықтай қысқартады», - деді ол.

Оның атап өтуінше, Таиландтың өзінде есірткінің жаңа түрлерін сараптамалық анықтаудың бір ғана зерттеу жұмыстары мың долларды құрайды.

«Мәліметтер базасын құру үшін БҰҰ Есірткінің заңсыз айналымымен және қылмыспен күрес жөніндегі басқармасы арнасын пайдалану, үлгілерді бір-біріне беру біздің сарапшыларымыз үшін проблемалы мәселелерді шешуге мүмкіндік берер еді», - деді Дауылбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/869457-dauylbaev-qazaqstangha-enip-zhatqan-si.html