RU

Таңат Нөсербаев: Жеңісімізді Қазақ хандығының 550 жылдығына арнаймыз

Бүгін ел мерейін асырып, елордаға оралған "Астана" командасын жанкүйерлер әуежайда ыстық ықыласпен қарсы алды.

Ағынан жарылып, қуанышын жеткізген команда капитаны Таңат Нөсербаев толағай табысты тарихи датаға арнайтындарын айтып қалды.

Өйткені қазақ футболы үшін кешегі күн тарих беттеріне жазылары сөзсіз. Осының құрметіне жүздеген жанкүйер таңмен таласа «Астана» ойыншыларын әуежайдан күтіп алып, ұрандатып көліктер шеруін ұйымдастырды.

"Бүкіл Қазақстанның жеңісі деп ойлаймын. Бұл елбасымыздың салауатты өмір салтын алға қойған дұрыс іс-шарасы деп ойлаймын. Сіздердің қолдауларыңызбен біз енді тарихқа бірінші рет еніп отырған оқиғаны жасадық деп ойлаймыз", - деді «Астана» футбол клубының капитаны Таңат Нөсербаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/869483-tanhat-noserbaev-zhenhisimizdi-qazaq-kha.html