RU

ШҚО-да қылмыскер әке кішкентай қызын зорлап, оған мерез ауруын жұқтырды

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны түрмеден шыққан соң өзінің кәмелетке толмаған қызын зорлап тастады. Белгілі болғандай, зорлаушы мерезбен сырқат болып, ауруды қызына жұқтырған.

Бұл туралы Times.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Ер кісі қызы бір жасқа толмай жатып 12 жылға түрмеге тоғытылады.

Әйелі түрмеге түскен күйеуімен ажырасып, қалаға жеке өмірін реттеу үшін кетіп қалады. Ал қыз бала сол арада әжесінің қолында тәрбиеленеді.

Ер кісі бостандыққа шыққанда оның қызы 13 жасқа толған. Азамат жаңадан отбасын құрып, екі рет ұлды болады. Бірінші некесінен туылған қызы оның үйіне жиі қонақтап баратын.

Жазғы кештердің бірінде қыз бала әдеттегідей туысқандарының үйіне келеді. Әйел балаларымен бірге қалаға кетіп қалғандықтан үйде тек әкесі болады. Ішімдікке тойған әкесі қыз баланы жалғыз қалдырмауын сұрап, үйінде қонып қалуға көндіреді.

Балалардың бөлмесінде ұйқыға кеткен жеткіншекке әкесі тап беріп, зорлап тастайды. Таңға қарай ер кісінің ұйықтап қалғанын пайдаланып қыз бала қашып үлгереді.

Жеткіншек болған жайтты анасына телефон арқылы баяндап бергесін, анасы әпкесінен қызын бірден медициналық сараптамаға алып баруын және полицейлерге хабар беруін өтінеді.

Сотта қылмыскер біресе мас болғанын алға тартып, біресе ақыл-есі кем адамның кейпін танытады. Кейін, тіпті кінәсізбін деп шығады. Алайда молекулярлы сараптама жеткіншектің сөздерін растап береді.

Тергеу барысында тағы бір жантүршігерлік шындықтың беті ашылады. Зорлаушы мерезбен сырқат болғандықтан, зорлау барысында ауруды қызына жұқтырған.

Сотта қыздың анасы бұрынғы күйеуін қатаң жазаламауын сұраған. Ал сотталушының заңды әйелі өзіне де мерездің жұққанына қарамастан, қыз баланың сөздерін жалған санап отыр.

Сот ер кісіні кәмелетке толмаған қызын зорлап, денсаулығына нұқсан келтіргені үшін кінәлі деп тауып, 18 жылға қатаң режимдегі колонияда бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Жаза заңды күшіне енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/869597-shqo-da-qylmysker-ake-kishkentay-qyzyn-z.html