RU

Қанат Саудабаев мәжіліс депутаты болып тіркелді

Орталық сайлау комиссиясы парламент мәжіліс депутаты ретінде Қанат Бекмырзаұлы Саудабаевты тіркеді, деп хабарлады ОСК баспасөз қызметінен.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 12-, 45-, 46-баптарына, 97-1 бабының 5-6-шы тармақтарына және 98-бабына сәйкес орталық сайлау комиссиясы «Нұр Отан» партиясының жетекші органының ұсынуы бойынша мәжіліс депутатының босаған мандатын «Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Қанат Бекмырзаұлы Саудабаевқа беру туралы қаулы қабылдады», - делінген бейсенбі күнгі хабарда.

ОСК сайтында жарияланған хабарда айтылғандай, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуаныш Тұрғанқұлов тіркелген депутаттарға белгіленген үлгідегі тиісті куәліктер мен омырауға тағатын белгілерді тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/869766-qanat-saudabaev-mazhilis-deputaty-bol.html