Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астаналық жезөкшелер кәсіптерін заңдастырып беруін талап етуде

Опубликовано:

Астаналық жезөкшелер үкіметке өтініш жасады. Олар шенеуніктерден кәсіптерін заңдастырып беруді талап етуде деп хабарлайды КТК арнасы.

Түнгі көбелектер де мемлекетке салық төлеп, қартайғанда жұрт қатарлы зейнетақы алғысы келеді екен. Қызметімізден қазынаға табыс түсіріп тұрса, жүзіміз жарқын және еуропадағыдай еркін еңбек етер едік дейді түнгі көбелектер.

Астанадағы жезөкшелердің атақты бекеті - вокзал маңы. Сақшылар вокзал маңындағы түнгі тіршілікпен қанша күрескенімен, әзірге нәтиже жоқ. Аймақтан қыздарды түбегейлі қуып жіберуге ешкімнің шамасы жетпей отыр. Полицейлер жол жағалап, жігіт іздеген түнгі көбелектерді аңдып, бүгін, 27 тамызда тағы шықты.

Жезөкшелерді іздеп табу аса қиын болмады. Олар алыс кетпей-ақ дәл вокзал маңынан пәтер жалдап, жігіттерге қызмет көрсетеді екен. Өздері бұл қылықтарынан арланбайды да. Тәнін саудасын күнкөрістің қамы деп есептейді. Мәселен, 34 жастағы жесір келіншек екі баламды асырау үшін түнімен тынбай еңбек етіп жүрмін дейді.

"Бізді біреу сатқан жоқ, біреу бізді жұмыс істетіп те жатқан жоқ. Өзімізге жұмыс істейміз. Менің күйеуім қайтыс болды, соның жылын өткізу үшін келдім. Жылы құрбан айтта болады. Содан кейін бұл жұмысты істемеймін", - дейді келіншек.

Сұранысқа қарай бұл қызмет те күн санап дамып келеді екен. Қазір қыздарды кез-келген жерге жеткізіп беретін болыпты. Ол үшін арнайы жігіттер жұмыс істейді. Яғни, делдалдар жеке көлігімен түнгі көбелекті тапсырыс түскен мекен-жайға жеткізіп береді.

Жеңгетайлар мен жеңіл жүрісті қыздардың көптен бері үкіметке айта алмай жүрген назы бар екен. Соны делдал жігіттер де айтты. Яғни жезөкшелікті заңдастыру керек дейді олар.

"Егер бұл қызметті заңдастырса, мемлекетке салық төлейміз. Мәселен, мен қыздарды тасып, бір түнде 10 мың теңгеге дейін табыс табамын", - дейді делдал.

Ал Астанадағы жезөкшелер жайлаған көпқабатты үй тұрғындарының ойы керісінше. Жұрт «түнгі көбелектерді» бұл жерден қуу үшін жылдар бойы шағым жазумен келеді.

Ал жезөкшелікті заңдастыру мәселесі бізде оқтын-оқтын көтеріліп тұрады. Оны демографтар талай мінберден айтты. Бірақ бұл мәселе үкімет деңгейінде ешқашан қаралған емес. Сондықтан жезөкшелер мен делдал жігіттердің өтініші орындала қоюы екіталай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/869931-astanalyq-zhezoksheler-ukimetten-kasi/

pixel