Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал неміс футболшысы Лукаш Подольски Қазақстанды келеке етті (фото)

Опубликовано:

Футболдан Германия құрамасы мен "Галатасарай" клубының ойыншысы Лукаш Подольски "Борат еліне" келуге дайын екенін айтып, Қазақстанды келеке етті.

Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Монакода Чемпиондар лигасының жеребе тарту рәсімі аяқталған соң, Түркияның "Галатасарай" клубы "Бенфика", "Атлетико" және "Астанамен" бір топқа түскені анықталды.

Осыдан соң, түркиялық команданың ойыншысы "Астананы" келеке етіп, Твиттерге атышулы Бораттың суреті бар жазбасын жариялады.

Танымал ойыншы "Асыға күтемін" деген сыңайда жазба қалдырған.

Әйгілі британдық басылым “Астананы” Ауғанстанның командасы деп жазды

Еске сала кетейік, Подольски Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Астанаға келіп, Қазақстан құрамасына қатысты ойын өткізген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/870090-tanymal-nemis-futbolshysy-lukash-podol/

pixel