Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ернар Айдар әйгілі Тарканның әнін ұрлап алды (видео)

Опубликовано:

Әнші Ернар Айдар «Бірі сен, бірі мен» деген жаңа ән жазды. Қызығы сол, Бауыржан Есебаев сөзін жазған ән түрік елінікі.

Бұл туралы Гәкку арнасы хабарлайды.

Нақтырақ айтсақ, Тарканның ән қоржынынан алынған. Таркан бұл әнді осыдан үш жыл бұрын орындап, бүгінде клипін 21 млннан астам көрермен тамашалап үлгерген.

Ернар Таркан болғысы келді ме, әлде музыкалық продюсері Ернарды солай көргісі келді ме?

Осы сұрақтың жауабын білмек болып, әншінің продюсеріне хабарластық. «Осы сендердің таппайтындарың жоқ!» деп журналистердің кәсіби біліктілігіне таңырқады.

"Басқа жауап ала алмадық. Мүмкін Ернар Қайратқа ұқсатқандардың пікірінен жалыққан шығар?!", - деп хабарлайды арна.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/870116-ernar-aydar-aygili-tarkannynh-anin-url/

pixel