RU

Өскемен маңынан бетінде майды дақтар кілкіген су қойма табылды

Бетінде әлдебір майлы дақтар кілкіген су қойма Өскемен маңынан табылған.

Қауіпті көл суының құрамын тексеруге кіріскен экологтар судан алынған сынамаларды арнайы зертханаларға жіберді.

Тексере келгенде, бұл дақтардың өсімдік пен мотор майы екендігі анықталды. Бұған қоса, көлде сабын көбігінің де тым көп екендігі белгілі болған. Зиянды заттың үлесі - шамамен 42%.

Мамандар мұндай сұйықтықтар көлемі аса үлкен металл ыдыстарды жуып-шайған кезде немесе металл өңдейтін станоктарда қолданылады деген пікірде. Олар күн ысыған жағдайда бұл майдың өртену қаупі де бар екенін айтады.

Бұған қоса, зиянды заттар топыраққа сіңіп, жерасты суларын да бүлдіруі мүмкін. Сондықтан Экологиялық қауіпсіздік орталығының қызметкерлері көлден табылған зиянды майды зарарсыздандыру технологиясын іздестіруге кіріскен.

"Бұл майды фракцияға бөлу арқылы олифа немесе сабын өндірісінде қайтадан пайдалануға болады. Бірақ бұл туралы нақты шешімге келген жоқпыз", - дейді  ШҚО экологиялық қауіпсіздік орталығының экологы Анатолий Филиппов.

"Қалдық майларды осында төккен әлдекімдер сабынды судан да осылай құтылғысы келген сияқты. Мұндай ұйғарымды инженер-химиктермен бірге жасадық", - дейді зертхана жетекшісі Виктор Костин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/870201-oskemen-manhynan-betinde-maydy-daqtar.html