RU

Иранда $40 млн-ға Мұхаммед пайғамбар туралы фильм түсірілді

Иранда осы елдің тарихындағы ең қымбатқа түсірілген фильм жарыққа шықты, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.

«Мұхаммед: Алланың елшісі» деп аталатын кинокартина 7 жыл түсірілді. Оның бюджеті 40 млн доллар.

Фильм режиссері Маджида Маджидидің айтуынша, пайғамбардың өмірі туралы түсірілген бұл туынды - бірінші трилогия.

Фильмнің түсірілімі барысында режиссер пайғамбарды бейнеледі деген мағынада сүннитер тарапынан сынға ұшырады. Алайда, түсіруші топ кинода расулдың жүзі көрінбейтінін айтады.

Фильм продюссерінің айтуынша, Голливуд түсірген Иса пайғамбар туралы «Бен-Гур» киносындағыдай адамның жүзі анық көрсетілмеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/870218-iranda-40-mln-gha-mukhammed-payghambar-tur.html