RU

Қазақстандықтар әлемдегі ең салқынқанды халықтың бірі атанды

Қоғамдық пікірлерді зерттейтін АҚШ-тың Gallup институты тұрғындардың эмоционалдық деңгейі бойынша 148 елдің рейтингін жариялады. Қазақстандықтар ең салқынқанды халықтардың бірі болып шықты. Қазақстан тізімді тұйықтаған 5 елдің қатарында тұр.

Рейтинг сұраққа жауап берушілердің сезімдері бойынша жүргізілген сауалнама нәтижесінде құрылды. Оларға соңғы күнде ашу, ыза, қуаныш сияқты позитивті немесе негативті эмоцияларды басынан өткерген-өткермегені туралы сұрақ қойылды.

Қазақстан ең эмоциясыз елдердің бестігінен табылды. Сауалнамаға қатысқандардың 41%-ы эмоцияға берілгендерін растаған.

Дәл осындай нәтижені Молдавия, Мьянма, Босния және Герцеговина, Косово көрсеткен. Тізімнің соңына жақынырақ орналасқан елдер арасында Литва, Ресей, Украина (40%), Белоруссия (39%), Әзірбайжан және Грузия (38%) бар. Ал рейтингті Бангладеш 37% көрсеткішімен тұйықтайды.

Ең эмоционалды елдер деп Боливия мен Эль-Сальвадор (59%) танылды. Олардан сәл кейін тұрған Эквадор, Филиппин, Никарагуа, Гватемала және Ирак (58%) халқы да эмоцияға берілгіштігін байқатқан.

Үздік үштікке, Камбоджа, Колумбия, Коста-Рика мен Гондурас (57%) енген.

Осылайша ең эмоционалды елдердің дені Латын Америка мемлекеттері болып шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/870247-qazaqstandyqtar-alemninh-enh-salqynqa.html