RU

Лукашенко танымал саяси тұтқындарға рақымшылық жасап, түрмеден шығаруды бұйырды

Беларусь президенті Александр Лукашенко түрмеде отырған барлық белгілі саяси тұтқындарға рақымшылық жасау жөніндегі жарлыққа қол қойды.

Бұл туралы rosinformburo.ru хабарлады деп жазады ras.kz.

«Америка тұтқындардың босатылуына бірден назар аударды. АҚШ мемлекеттік департаментінде Беларусь президенттігіне бұрынғы үміткер Николай Статкевичке рақымшылық жасау «Құрама Штаттармен қарым-қатынасты қалыпқа келтіру жолындағы маңызды қадам» болып табылады», – делінген хабарламада.

Беларусь президенті жұрттың бәрі күтпеген жерден елдегі барлық белгілі саяси тұтқындарға, соның ішінде ең белгілісі – 2010 жылғы президент сайлауындағы үміткер Николай Статкевич те бар – рақымшылық жасап, оларды шұғыл түрде бостандыққа шығару жөніндегі құжатқа қол қойды.

Батыс Минскінің бұл қадамын өзара «қарым-қатынастағы маңызды қадам» деп бағалалады. Осыған орай саясаткерлер қазір Лукашенконы «бетімен АҚШ-қа, денесінің басқа бөліктерімен Ресейге қарап отыр» деген үкім шығарып үлгерді.

Александр Лукашенко барлығы алты саяси тұтқынға рақымшылық жасады. Олардың арасында Николай Дедок, Игорь Олиневич, Евгений Васькович, Артем Прокопенко және Юрий Рубцов секілді оппозиционерлер бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/870268-lukashenko-tanymal-sayasi-tutqyndargha.html