RU

Оралда Ауған соғысы ардагерлері Ноғаевқа "сақалдылар" үстінен шағымданды

Ауған соғысының ардагерлері мен "Орал-Атырау" бағыты бойынша жолаушылар тасымалдайтын діншіл такси жүргізушілерінің арасында жанжал туындады. Текетірес "cақалдылардың" ауған соғысы ардагерлерін бауырларын өлтірді деп айпытауынан басталған.

Бұл туралы "Уральская неделяға" сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Ардагерлердің сөзіне сенсек, 200-ге жуық такси  жүргізушілерінің дені дінге берілген азаматтар.

Ашынған ардагерлер облыс әкімі Нұрлан Ноғаевқа хат жазды.

"Олардың жолаушылар тасымалдауға рұқсат ететін құжаттары да жоқ. Негізінен дінге берілген азаматтар екенін "күтімсіз жіберілген сақалдары мен салдыр-салақ түрі" байқатады», - деп жазды ауған соғысы қатысушылары қоғамының төрағасы Т. Қосжанов пен «Ардагер – ОКСВА» ЖШС директоры С. Қалиев.

Арадгерлер облыс әкіміне ұйымдар рұқсат етілген құжат негізінде жолаушылар тасымалдайтынын, ал "сақалдылар" оларды темір жол вокзалы мен автовокзал аймағынан ығыстырып жатқанын жазған.

"Бұл "сақалдылар" бізді олардың бауырларын өлтірді деп айтуда. Біздің ескерткішке тиісіп, азғыруда. Ауғанстандағы соғысты Ауғанстанмен болды деп түсініп алған. Біз туған жеріміздің бұйрығын адал орындадық. Бізді, ауған соғысының ардагерлерін олар қорқыта алмайды. Біз шағымданып жатқан жоқпыз, сіздерді хабардар етіп отырмыз", - дейді Қосжанов пен Қалиев хатында.

Ардагерлер, тіпті "сақалдыларды" орнына қою үшін бас қосқан екен. Алайда ҰҚК мен ІІД қызметкерлері оларды тоқтатқан.

«Біздің кеңсеге ҰҚК мен ІІД қызметкерлері келіп, бұл саяси мәселе екенін және жанжалдасудың қажеті жоқ екенін ескертті. Қандай да бір қадамға барсақ, өзіміз кінәлі болып шығуымыз мүмкін екенін айтып, бұл мәселені шешуге уәде берді. Алайда мәселе сол беті ушығып тұрғанына бес ай болды", - деген хат авторлары Ноғаевтан шара қолдануын сұрап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/870424-oralda-aughan-soghysynynh-ardagerleri-m.html