RU

Павлодарлық ғашықтар сүйісу үшін ескерткіштің басына шығып алды (фото)

Павлодардық жастар сүйісу үшін Ұлы отан соғысы ардагерлерінің ескерткішіне шығып алған. Кездейсоқ куәгер Т-34 танкісінің үстіндегі жастарды фотоға түсіріп алды.

Астанада “батырдың басына” мінген жігіт көпшіліктің жағасын ұстатты (фото)

Бұл фото Вконтакте әлеуметтік желісіндегі «Типичный Павлодар» парақшасында жарияланған. Фотоны «Сәкілерде отыру бұрынғыдай романтика емес» деген тақырыппен жүктеген.

Бұл жазба 200-ден астам лайк жинағанына қарамастан, пікір қалдырушылардың дені жастардың әдепсіз қылығын сынға алуда.

«Адамдарға не болған?…», «Қалайша осылай істеуге болады?! Масқара» - деген ашулы пікірлерді кездестіруге болады.

Айта кетерлігі, бұл елімізде соғыс ардагерлерінің ескерткіштеріне сыйластық танытпайтын алғашқы фото емес. Бұған дейін жас жігіттің ескерткіштің басына мініп алған фотосы көпшіліктің сынына ұшыраған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/870517-pavlodarda-suyisu-ushin-uos-ardagerle.html