RU

Джастин Бибердің «егізі» өлі күйінде табылды

Танымал жас әнші Джастин Бибердің АҚШ-та жоғалып кеткен «егізі» Тоби Шелдонның мәйіті Калифорниядан табылды.

Тоби Шелдон өлі күйінде табылған «N6» қонақ үйдің бөлмесінен полиция есірткі заттарын да тәркілеген. Алайда, Шелдонның ажалы нақты неден болғаны әзірге хабарланған жоқ.

Ол осыдан бір апта бұрын ұшты-күйлі жоғалып кеткен болатын.

Тоби Шелдон 2013 жылдары көпшіліктің сүйікті әншісіне айналған Джастин Бибердің табынушысы ретінде танылды. 35 жастағы «әнші» Биберді пір тұтқаны соншалық, оған ұқсағысы келіп, бірнеше рет ота жасаған.

Осы жылы өзінің сырт келбетіне көңілі толған ол тіпті бірінші әнін де жазып үлгерген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/870578-dzhastin-biberdinh-egizi-oli-kuyinde.html