RU

ҚТЖ жұмыс аптасын қысқартпайтын болды

ҚТЖ жаңа ақша-несие саясатына байланысты өз қызметкерлері үшін толық емес жұмыс аптасын енгізбейтін болады, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметінен.

«ҚТЖ ҰК» АҚ Қазақстандағы ең ірі жұмыс беруші бола отырып, жұмыспен қамтуды, жұмыс орындарын сақтауды, Ұжымдық келісімшартпен қарастырылған әлеуметтік міндеттемелерді басты басымдықтарының бірі ретінде санайды.

Хабарламада үкімет пен Ұлттық банктің қабылдаған теңге еркін ағымға жіберілген жаңа ақша-несие саясаты жағдайында компания толық емес жұмыс аптасын енгізбейтіні айтылған.

Сондай-ақ, аталған шешім отандық тауарлардың сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сол арқылы - экспорт көлемі мен транзиттік тасымалдаудың болжалды көбейтілуіне негізделіп отырғаны атап өтілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/871215-qtzh-zhumys-aptasyn-qysqartpaytyn-bold.html