RU

Қазақстанның батыс және солтүстік-батыс аймақтарына биыл күз ерте келеді

Қазақстанның батыс және солтүстік-батыс аймақтарына биыл күз ерте келеді. Алдағы демалыс күндері осы өңірлерде найзағай ойнап, бұршақ аралас жауын-шашын болады деп хабарлайды 24.kz.

Сәйкесінше, желдің де екіпіні күшейе түспек. Термометр деңгейі күндіз 10-15, ал түнде 2-3 градусқа дейін төмендейді.

Ал басқа аймақтарда керісінше күн райы жылып, ашық болады. Бірақ ұзаққа бармайды.

Бірінші қыркүйектен бастап Қазақстанның барлық аймағында жаңбыр жауады деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/871428-qazaqstannynh-batys-zhane-soltustik-ba.html