RU

Алматы облысында тұрғындар үйлеріне пойыздың астымен өтіп барады

Алматы облысы, Талғар ауданына қарасты, Кіші Бәйсерке ауылы тұрғындарының аспалы көпірді армандағанына көп болды.

Өйткені, жүруі, әлде жүрмеуі мүмкін пойыздың астынан тұрғындар арғы бетке  еңбектеп өтеді.

"Күнделікті өтеміз, балабақшаға барамыз. Теміржолдың астынан өту өте қолайсыз. Кейде бір пойыз тұрса, кейде екі-үшеуі қатар тұрады", - дейді "Кіші Бәйсерке" ауылының тұрғыны Жазира Иманбаева.

"Қорқамыз, енді не істейміз? Үшеуін осында қалдырып, бір-бірлеп өткіземіз. Жүріп кетсе қайтеміз. Әне оталып тұр. Оталса да өтеміз амал жоқ",  - дейді  "Кіші Бәйсерке" ауылының тұрғыны Гүлнәра Әбдіқұлова.

Тұрғындардың  оталып тұрған пойыздың ар жағына жанын шүберекке түйіп, әрең өтеді.

Бұл кіші Бәйсерке ауылы тұрғындарының күндегі әдеті. Қай жолдан қандай пойыз өтетіні оларға беймәлім. Бірақ балаларымыздың басын да қауіпке тігіп, осы жерден басқа өткел жоқтықтан өтуге мәжбүрміз дейді.

Тұрғындар, әсіресе оқу жылы жақындағанда  балаларының қауіпсіздігіне алаңдаулы. Ауыл арасында автобус та жүрмейді екен.

Ал, бұл мәселеден хабардар ауыл әкімі болса, үш шақырымға дейінгі қашықтыққа балаларды тасымалдау үшін, автобус бөлінбейтінін айтты.

"Мектепке жобалық-сметалық құжатына 10 миллион теңге ақша бөлінді. 2015-тің аяғы2016-да кіші Бәйсерке ауылында 300 орындық мектеп салу жоспарланып отыр", - дейді  "Гүлдала" селолық округінің әкімі Мақсат Жұмашев.

Тұрғындарболса, әлі іргетасы қаланбаған мектептері әзір болғанша, балаларын мектепке тасымалдайтын автобус бөлсе дейді.

Ал, аспалы көпірді тұрғындардың әлі қанша армандары белгісіз. Өйткені, ондай үлкен жобадан жергілікті әкімдік хабарсыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/871478-almaty-oblysynda-turghyndar-uylerine.html