RU

Сингапурда көше бойында кобра мен питон шайқасты (видео)

Сингапурда студенттер кобра мен питонның төбелесін видеоға түсіріп алды деп хабарлайды Bnews.kz.

https://youtu.be/kWmqM44I9tU

Жыландар Наньян технологиялық университетінің жанында көлік жүретін жолдың бойында алысқан.

Аспирант Абишек Амбеденің айтуынша, питон кобраның басына оралып, жарты сағат бойы жібермей ұстаған. Алайда кобра ұзақ арпалыстан кейін басын босатып алып, ағаштардың арасына қашып құтылады.

Оқиға орнына жиналған студенттер зиянкес жануарлармен күрес қызметін шақырған. Мамандар питонды дереу ұстағанымен, ағаш арасына кіріп, ғайып болған кобраны ұзақ уақыт іздеген.

Қазір екі жылан да қауіпсіз орынға жеткізілді. Мамандар студенттерге жолда жүргенде, әсіресе түнгі уақытта мұқият болуды ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/871743-singapurda-kosheninh-qaq-ortasynda-kob.html