RU

Подольски «Борат елі» туралы жазбасы үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады

Түркия «Галатасарайының» неміс шабуылшысы Лукас Подольски "Борат елі" туралы жазбасы үшін кешірім сұрады деп хабарлайды NUR.KZ.

"Менің Борат туралы твитім біреуді ренжіткен болса, кешірім сұраймын. Бұл жай қалжың болатын. Қазақстанды немесе оның тұрғындарын ренжіту ойымда болмады...! #қалжың", - деп жазған футболшы.

Еске салсақ, бұған дейін Подольски түркиялық команданың ойыншысы «Астананы» келеке етіп, Твиттерге атышулы Бораттың суреті бар жазбасын жариялаған болатын.

Айта кетерлігі, Монакода Чемпиондар лигасының жеребе тарту рәсімі аяқталған соң, Түркияның «Галатасарай» клубы «Бенфика», «Атлетико» және «Астанамен» бір топқа түскені анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/871829-podolski-borat-eli-turaly-zhazbasy.html