RU

Фабио Ару Испания Вуэльтасының 7-кезеңінде үшінші орынды иеленді

25 жастағы Астана капитаны, итальяндық Фабио Ару 191 шақырымға созылған Испания Вуэльтасының жетінші кезеңінде мәре сызығын үшінші болып кесті деп хабарлайды BNews.kz.

Аталған шақырымды үшінші болып бағындырған Ару жалпы есепте сегізінші орынға көтерілді.

Жетінші кезеңде Астана капитанын басып озған қос велошабандоздың бірі голландиялық Берт-Ян Линдеман (Lotto NL-Jumbo) кезең жеңімпазы атанса, Беларусь өкілі Илья Кошевой (Lampre-Merida) қарсыласынан тек 9 секундқа ғана артта қалып, екінші орынды қанағат тұтты.

Жалпы есепте австралиялық Orica-GreenEdge командасының шабандозы, 25 жастағы колумбиялық Эстебан Чавес көш басында қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/871872-fabio-aru-ispaniya-vueltasynynh-7-kezenh.html