RU

Тимати тақия мен шапан киіп, домбырада ойнады

Ресейлік рэп орындаушысы Тимати қазақтың ұлттық аспабы домбырада ойнаған видеосын Instagram парақшасына жүктеді.

Видеода оның тақия мен шапан киіп алғанын байқауға болады.

«Қара жұлдыз үйге қайтып келді», - деп бейнежазба басында сөйлеген әнші домбырада ойнауға кіріседі.

Айта кетерлігі, жазбаның жарияланған жері ретінде Almaty Kazakhstan деп көрсетілген. Ал әншінің артында президент Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті тұрғанын байқауға болады.

Видеоны даттаушылар да, мақтаушылар да табылған. Сынға алушылардың көбі әншінің "қасиетті домбырада қалай болса, солай ойнап, қазақтыкіне ұқсамайтын тақия киіп алғанын" жазған.

Бұған дейін Тимати Instagram-да МС Сайлаубекке видеохабарлама жолдаған болатын. Көп ұзамай Сайлаубек оның хабарламасына өз жауабын береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/871923-timati-taqiya-men-shapan-kiip-dombyrada.html