Выйти
RU

Батыс лидерлері Бейжіңдегі әскери парадқа қатысудан бас тартты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Батыстың жетекші елдерінің лидерлері Қытайда Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 70 жыл толуына арналған әскери парадқа қатыспайтын болып отыр.

Бұл туралы Reuters хабарлады деп жазады ras.kz.

Агенттік осыған орай батыстағы ірі елдер басшыларының ҚХР төрағасы Си Цзиньпинді Ресей президенті Владимир Путин мен  Суданның, Венесуэланың, Солтүстік Кореяның жоғары лауазымды өкілдерінің компаниясында қалдыратынына назар аударды.

Бейжіңнің орталығында өтетін парадқа Ресейден, Моңғолиядан және басқа да елдерден қосылатын сарбаздарды қоса есептегенде, 10 мыңнан астам әскерилер қатыспақшы.

Еуропа мен Америка шенеуніктері бұған дейін әлемге елдің әскери қуатын көрсетуге бағытталатын парадтың аймақтағы мазасыз жағдайды одан бетер күшейте түсетінін айтып, бұған алаңдаушылық білдірген еді.

Олар соңғы жылдары Қытайдың территориялық дау туғызып жүрген жерлерге қатысты қатаң позиция ұстанып келе жатқанын да осы тынышсыз ахуалды қоздыратын себептердің бірі болып табылатынын атап көрсетті. Бұған аталмыш шараға Ресей президентінің баратыны отқа май құйғандай әсер етті.

Агенттіктің атап көрсетуінше, Тяньанмэнь орталық алаңында өтетін әскери шеруді Си мен Путиннің жанында Суданның президенті Омар Хасан әл-Башир мен Венесуэла басшысы Николас Мадуро тұрып тамашалайды.

Қазір осы шараның барысында оған қатысушылар үшін өзара пайдалы дипломатиялық қарым-қатынастар үшін де уақыт табылып қалатыны айтылып жатыр. Осылайша парадқа соңғы кездері өзінің оңтүстіктегі көршісімен кезекті мәрте жанжалдасып қалған КХДР мемлекеті еңбек партиясының хатшысы және Ким Чен Ынның жақын серіктесі Цой Рен Хэ келеді.

Ал Еуропадан келетіндердің арасындағы қызметі мейлінше жоғарысы Чехия президенті Милош Земан ғана бар.

«Қай ел кімді жіберетінін өзі біледі. КХР үшін келген кісінің бәрі де қонақ. Біз бәріне қуаныштымыз», – деді Қытай сыртқы істер министрінің орынбасары Чжан Мин осыған орай телеарнада өткен баспасөз мәслихатында.

Ол АҚШ, Ұлыбритания секілді көптеген елдердің шараға жоғары лауазымды шенеуніктерін жібермейтініне өкпе жоқ екенін осылай білдірді.

Бейжіңдегі парадқа Франциядан сыртқы істер министрі Лоран Фабиус, Ұлыбританиядан экс-премьер Тони Блэр мен бұрынғы әділет министрі Кеннет Кларк, ал АҚШ, Германия, Канада елдері мен Еуропа одағынан елшілер қатысады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Батыс лидерлері Бейжіңдегі әскери парадқа қатысудан бас тартты