Выйти
RU

Моңғолиялық малшы «құрметті профессор» атанды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Моңғолияның Дундговь аймағына қарасты Эрдэнэдалай сумынының тумасы Цэрэндорж елдің ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының «құрметті профессор» атағына ие болды.

Бұл туралы Asia Russia Daily хабарлады деп жазады ras.kz.

Бұған дейін екі рет МХР-дың «Үздік малшы» атағын екі рет жеңіп алған жасы ұлғайған бақташы күтпеген жерден осындай құрмет көрді.

«Ол лабораторияларда отырған жоқ, оның ғылыми дәрежесі жоқ, бірақ ауыл шаруашылығын, соның ішінде мал шаруашылығын дамытуға сіңірген орасан зор үлесі докторлар мен профессорлардан кем болмағаны лайықты бағаланды», – делінген порталдың осыған байланысты хабарламасында.

Мақтаулы малшыға «құрметті профессор» атағы тапсырылған рәсімге Эрдэнэдалай сумынының әкімшілігі қызметкерлері, қаһарманның туған-туыстары, балалары мен немерелері қатысты. Салтанат малшының киіз үйі ішінде өтті.

Осыдан кейін Моңғолия мұндай құрметті профессор атағымен басқа да малшыларды марапаттау жөнінде шешім қабылдады. Енді мұндай атаққа осы жылдың өзінде тағы 4 малшы ие болғалы тұр.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Моңғолиялық малшы «құрметті профессор» атанды