Выйти
RU

Англияда оқитын қазақстандық зағип студент қайрымдылыққа ақша жинады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Магистрант Кенжеғұл Сейітжан өз достарымен қосылып, 1 қыркүйек қарсаңында зағип балалар оқитын павлодарлық интернаттың шәкірттеріне қайырымдылық қаржысын жолдады.

Бұл туралы total.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Жігіт 200 000 теңге қаражат жинаған.

"Алғашында сене алмадық. Бұл күтпеген жаңалық болды, себебі бізге әлі шетелден көмек келген емес. Ал мұның бәрін өзі кішкентайынан зағип жігіттің ұйымдастырғанын білгенде жүрегіміз жібіп сала берді. Кенжеғұл - нағыз азамат! Бізде оқитын балалар көп нәрседен айырылған: олар түрлі түстерге толы тіршілікті көре алмайды, десек те олар өте жайдарлы, дарынды жандар", - дейді Павлодар облыстық мамандандырылған интернат-мектептің тәрбие жөніндегі басшысының орынбасары Айсұлу Зарипова.

Оның айтуынша, аталмыш мектепте бүгінде көру қабілеті нашарлаған 50 бала білім алуда.

Кенжеғұл Сейітжан көпбалалы отбасынан шыққан. Ол жанұясындағы 20-шы бала. Жігіт Лондонның Реддинг (University of Reading) университетінде білім алады. Төрт тілді еркін меңгерген азамат экстремалды спорт түрлерімен әуестенеді.

"Кішкентайынан зағип болса да, өзін ешкімнен кем санап, еңсесін түсірген емес. Кенжеғұл көру қабілеті нашар балалардың жағдайын жақсы түсінеді", - дейді Кенжеғұлдың досы Серік Жартыбаев.

Оның айтуынша, қайырымдылыққа жиналған қаражат жағдайы төмен отбасынан шыққан 16 оқушының керек-жарақтарына жұмсалатын болады.

Сондай-ақ университет студенттері мектеп оқытушыларынан балаларды Павлодармен жүретін кафе-трамвайға мінгізіп, қала аралатуларын өтінген.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Англияда оқитын қазақстандық зағип студент қайрымдылыққа ақша жинады