RU

Оқушылар мұғалімге гүл сыйлау үшін қалай шығындалды?

Қазақстандағы гүл салондары «Білім күніне» қарсы сатып алушылардың үлкен ағымына дайындалуда.

Бұл туралы "Қамшы" порталы Today.kz -ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Астанада Білім күні қарсаңында ең өтімді гүлдер бақытгүлі (хризантема) мен гладиолустар. Бір гүл шоғырының орташа құны 2 000-2 500 теңге.

"Ата-аналар мен оның балалары гүлдерді 1 қыркүйек қарсаңында ала бастайды. Негізінен хризонтемалар алады. Өйткені, олар  өзге гүлдерге қарағанда ұзақ сақталады. Ал, гладиолустар - Білім күніндегі дәстүрлі гүлдер", - дейді гүл салонының сатушысы Мира.

Алматыда сатушылардың айтуынша ең өтімді тауар – ақгүл (лилиялар) мен бақытгүлі (хризантемалар). 1 500 теңгеге үш гүлден бір шоғыр жасауға болады. Теңге бағамына байланысты Алматының гүл салондарында баға көтерілген.

"Гүл бағасы өсті. Біз оларды Голандиядан, Колумбиядан, Эквадордан аламыз, ал ол жақта сауда доллармен жасалады. Бір раушанның құны -көтерме саудада 500 теңге, біз оған 200-300 теңге қосамыз. Сонымен қымбатырақ болады. Оның үстіне, рәсімдеу қызметі тағы бар. Кейінгі кезде сатып алушылар жергілікті раушандарды жақсы алады, олар кішірек, бір данасы 250 теңге тұрады", - дейді гүлсатушы Юлия.

Гүл бағасы Шымкентте де өскен. Сатушылардың айтуынша, ең танымал гүл қатарындағы хризантеманың бюджеттік құны 500 теңге болса, Білім күні олар 700-800 теңгеге өседі.

Павлодарда да жаңа баға бойынша гүлдердің алғашқы легі келді. Гүл сатушылардың сөзінше, жаңа тауар 30 пайызға өскен. Орташа бір гүл шоғырының құны 1500-ден 2 500 теңгеге дейін.

Қарағандылықтар болса, гүл бағасы  сол күйде қалатынын айтады. Сатып алушылар жақсы гүл шоғырын 1 500-2 000 мыңға ала алады. Қарағандылықтар жиі алатын гүлдер бақыт гүлі ( хризантема ) мен гладиолустар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/873318-bilim-kuni-qarsanhynda-elimizde-gul-ba.html