RU

Айымбетов "Союз ТМА-М" экипажының екінші бортинженері болып бекітілді

Байқоңырда "Союз ТМА-М" ТБК экипажының құрамын бекіту бойынша мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.

"Союз ТМА-М" ТБК командирі, ХҒС-45/46 бортинженері болып ресейлік Сергей Волков бекітілді. Ол кемеде 188 тәулік өткізеді. Ғарышкер екі рет ұшқандығын айта кетейік. Бортинженер қызметіне Андреас Могенсен бекітілді (ЕКА, Дания). Екінші бортинженер қазақстандық Айдын Айымбетов болады.

Естеріңізге салайық, бүгін Байқоңырда "Союз ФГ"– "Союз ТМА-18М" ҒМЗ ұшу кешеніне әкелінген және зымыранды ұшыру жағдайына қойылды.

Кеменің ұшырылуы 2 қыркүйекке белгіленген. Кеменің экипажы құрмында  қазақстандық Айдын Айымбетов, даттық Андреас Моргенсен және ресейлік ғарышкер Сергей Волков бар.  Дат ғарышкері Айдын Айымбетовпен бірге орбитада 10 күн болады.

Гагарин алаңынан ұшырылу Астана уақыты бойынша 10: 34-ке  белгіленген. Бұл алаңнан ұшырылу да мерейтойлы екенін айта кету керек, бұл есеп бойынша 500-ші  ұшырылым болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/873476-ayymbetov-soyuz-tma-m-ekipazhynynh-ekinsh.html