Выйти
RU

Павлодарда бұзақылар әйел адамды ұрып тастады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

YouTube желісінде «Убили девушку на улице» атауымен бейнеролик пайда болды. Жан түршігерлік жағдай Новочерноярка ауылында орын алған.

Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

YouTube желісіне Руслан Клим есімді пайдаланушының атынан жүктелген бейнероликте қыз бен жігіттің арасында кикілжің пайда болғаны көрсетілген.

Ер жігіттің қатты соққысынан соң қыз асфальтқа жығылып, қозғалыссыз жатты. Араға араша болған жергілікті тұрғындар төбелес тудырғандарды екіге айырды.

Видеоның авторы Руслан Климнің айтуынша, жаға ұстасқандар мас күйінде болуы ықтимал.

"Ер азаматпен араздасқан қыз оның бөтелкелесі болуы да мүмкін. Бір жарым сағаттан соң дәрігерлер келіп, көмек көрсетті. Оған дейін қыз қимылсыз жатты", - дейді Клим.

Павлодар облысының ІІД хабарлағандай, Новочерноярка аулында болған төбелес жайлы ақпарат әзірге жоқ.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Павлодарда бұзақылар әйел адамды ұрып тастады