RU

Отандық журналист "қазақ қыздарын секстiң соңына түсiп кеткен" деп айыптады

Жақында қазақстандық журналист "қазақ қыздары "қой көрмеген қуалап өлтiредiнiң" керiн келтiрiп, секстiң соңына түсiп кеткен" деген пікірін жария етті.

Жолымбет Мәкіш есімді журналист өз Фейсбук парақшасында қазақ қыздарын сынға алатын жазба жариялады.

"Орыстар орта жолда қалды ғой. Қазақ қыздары "қой көрмеген қуалап өлтiредiнiң" керiн келтiрiп, секстiң соңына түсiп кеттi. Бұл тенденция. Оны мойындау керек. Қазiргi жастардiкi төсекпен аяқталатын тауық махаббат. Ойнастық, зина, азғындық қалыпты нәрсеге айналып кеттi", - деп сөзін бастаған Мәкіш.

Журналист пәктігін сақтаған бойжеткендерді аялап, бағалап өту керек деген пікірде.

"Күйеуге қыздай тигендерге құрметтi аямау керек. Осындай жалаңаш қоғамда арын сақтай бiлгендер нағыз батыр аналар. Күйеулерi де ондай бәйбiшесiмен достарының арасында әркез мақтанып отырады. (Шын сүйетiн адам қыздыққа қарамайды деген есалаңдардың ойы ғой) Басқасын айтпай-ақ қояйық...", - деп түйіндеген өз жазбасында Мәкіш.

Әлеуметтік желідегі бұл пікірін бұрыс санап, реніштерін білдіргендердің дені қазақ қыздары. Журналистің бұл жазбасы нәзік жандылардың ашуын келтірген сыңайлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/873686-zhurnalist-zhastardynh-tosekpen-ayaqtal.html