Выйти
RU

Астанада бензин бағасы өспейді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Теңге бағамының ауытқуына қарамастан, Астанада бензин бағасы өспейді деп мәлімдеді Астана әкімінің орынбасары Андрей Лукин Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, қаладағы барлық жанармай құю стансаларында жанар-жағармай материалдарының бөлшек құны бекітілген шекте ұсталып тұр. Осы орайда бағаның артуы анықталмады.

Энергетика министрінің бұйырығына сәйкес, биылғы мамырда жанармайдың бөлшек саудасына шекті баға бекітілгенін еске салып өткен ол, Аи-80 бензиніне 89 теңге, Аи-92-ге 93 - 108 теңге және дизельдік отынға 99 теңге деңгейінде шекті баға айқындалғанын атап өтті.

«Бұл тұрғыда жанар-жағармайға теңге бағамының ауытқуына қарамастан, қалада баға тұрақты болады», - деді әкім орынбасары.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Астанада бензин бағасы өспейді